фото: baq.kz/Артем Чурсинов

«Қазгидромет» Қазақстан аумағына арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, жексенбі күні елімізде қолайсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпалын сақтайды. Соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады, ал елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында қалың қар жауады, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!