фото: Santi Otero/EPA-EFE

Ертең, 25 қаңтарда елдің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде қар жауады. Күндіз оңтүстік-батыс пен оңтүстікте аралас жауын-шашын – жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.

Республика бойынша тұман түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталық өңірлерде боран болжанып отыр. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда көктайғақ болуы ықтимал, ал шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні күшті жел соғады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!