фото: istockphoto.com
Қазгидромет 26 қарашадағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, республика аумағының бір бөлігінде жауын-шашын, жел мен көктайғақ болып, тұман түседі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, батысында тұман болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Қонаевта 26 қарашада оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 26 қарашада шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде 26 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Павлодарда 26 қарашада тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында тұман болады деп болжанады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Көкшетауда 26 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні – 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда 26 қарашада күндіз аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ,тұман болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні – 15-20 м/с.
Астанада оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман болады. 26-28 қарашада облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Таразда 26-28 қарашада кей уақыттарда тұман түседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!