фото: baq.kz

Қара теңіз акваториясында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркияның төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар басқармасының ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 20:13-те тіркелген.

Берілген ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы ең жақын елді мекеннен 238,63 шақырым қашықтықта орналасып, жер астында 6,7 шақырым тереңдікте болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!