Фото: El.kz

Синоптиктер қарашаның соңғы үш тәулігіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Аптаның ортасында республика батысының оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман және желдің күшеюі, ал айдың аяғында елдің басым бөлігінде, бұл ретте Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аудандарда қатты жауын-шашын болжанады, – дейді синоптиктер.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!