Sputnik. Қазақстан аймақтарын синоптиктер алдын ала болжаған арктикалық суық басып тұр.
Осыған байланысты бірнеше күннен бері мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан білім алуда. Жұма күні де еліміздің бес облысында мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді.
Семейде бүгін аяз бен қатты желдің салдарынан бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары үйінде қалды. Облыста да мектептегі сабақтар тоқтатылды.
Павлодарда -30 гардус. Бірінші ауысымда 1-11 сынып оқушыларының барлығы оқымайды.
Қостанайда таңертең ауа температурасы -23 шамасында, жел соғады. 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқуға көшірілді. Аяз беті қайтпаған аудандарда да үлкен сынып оқушылары үшін де сабақтар тоқтатылды.
Өскеменде ауа температурасы -25 -33 градусқа дейін төмендеп, қатты жел тұрады, бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сыныптардың барлық мектеп қашықтықтан оқытуға көшті.
Қазақстанның бас қаласы Астанада бірінші ауысымдағы мектептер және колледждің бірінші және екінші курс студенттері үйден білім алуда. Екінші ауысымдағы оқушылар үшін сабақтар тоқтатылуы мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!