фото: baq.kz

«Қазгидромет» 15 желтоқсанға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, ел аумағында жауын-шашын түсіп, негізінен қар жауады.

Елдің солтүстігінде, сондай-ақ түнде және таңертең орталық өңірлерде қалың қар жаууы күтіледі. Оңтүстік-шығыста, түнде елдің оңтүстігінде, ал күндіз шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғуы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары мен Ұлытау облысының батысы, солтүстігі және шығысында, сондай-ақ Қостанай облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары болуы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!