Қазгидромет синоптиктері 23-25 қаңтар аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына арктикалық суық ауа ағымы кледі. Алдағы үш тәулікте ел бойынша температураның одан әрі төмендеуі болжанып отыр. 23-24 қаңтарда солтүстік-батыс циклонының ойысы елдің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде өз ықпалын сақтайды – мұнда қар, кей жерлерде күшті қар жаууы күтіледі, ал қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Республика бойынша боран, көктайғақ, тұман, екпінді жел күтіледі.
«Республика аумағының солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 20-30 градус аяз, кей жерлерде қатты аяз – 35 градусқа дейін, күндіз 13-20 градус аяз, елдің орталығы мен шығысында 20-35 градус, кейбір өңірлерде аяз 40 градусқа дейін болады, оңтүстікте түнде 15-25 градус, кей жерлерде аяз 28 градусқа дейін, күндіз 5-15 градус аяз болады», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!