Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 2, 3 және 4 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең циклон әсер етеді: найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады және қатты жел соғады деп күтіледі. Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады.

«Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: күндіз солтүстік-батыста 28-35 градусқа дейін, солтүстікте 20-28 градусқа дейін, орталықта 22-33 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-36 градусқа дейін, оңтүстікте 33-38 градусқа дейін. Еліміздің батысында +35+42 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!