Қазгидромет 13, 14, 15 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Иран аумағынан жылы ауа массалары ығысып, Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, 15 мамырда күндізгі уақытта оңтүстік өңірлерде +35…+44°С, орталықта +35…+38°С, ал Ақмола облысында +30…+35°С-қа дейін аптап ыстық болады.
«Алайда батыс және солтүстік аймақтарға циклон мен атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде тіпті қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін», – деп жазылған хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!