Фото: depositphotos.com
Синоптиктер Қазақстанда 6, 7 және 8 тамызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігі циклон ықпалында болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, 6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста, 7-8 тамызда еліміздің солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Қазақстанда – жел күшейеді.
«Елдің оңтүстігінде күндіз +38+45 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі, республиканың қалған бөлігінде температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!