Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жақын күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін және қатты жел күшейеді.

Синоптиктердің болжамынша, 14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. 16 мамырдан бастап солтүстік-батыс циклон енуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деп болжанып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!