Фото: celebnewsru.com
Синоптиктердің мәліметінше, 13-19 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. 14-15 сәуірде Ұлытау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 14-16 сәуірде
Қарағанды облысында, 14 сәуірде-17 сәуірде Қостанай облысында, 15-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 16-19 сәуір Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр соңы қарға ұласады деп болжануда.
13-14, 16 сәуірде Түркістан облысында, 14-16 сәуірде Алматы, Жамбыл облыстарында, 16 сәуірде Жетісу облысында жаңбыр болады.
Жауын-шашын еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде 17 сәуірден бастап, республиканың солтүстігінде 19 сәуірден бастап тоқтайды. Еліміздің батысында түнде 10-18 градусқа дейін, күндіз 23-30 градусқа дейін жылынады. Ал республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 5-12 градусқа дейін, күндіз 18-25 градусқа дейін жылынады.
Орталықта, шығыста түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін жылы болады. Сондай-ақ оңтүстікте түнде 8-17 градусқа дейін, күндіз 22-30 градус жылыға дейін ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 5-12 жылы, күндіз 18-25 градусқа дейін жылынып, температура жоғарылайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!