«Қазгидромет» РМК тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шегінде сақталады. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Жетісу облыстарының басым бөлігінде температура нормадан 1°С жоғары болады.

Елдің көп бөлігінде жауын-шашын норма деңгейінде деп болжанып отыр.

Ал Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстарында, Қостанайдың солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстік-шығысында және Қарағанды облысының қиыр шығысында – нормадан көп жауын-шашын болуы мүмкін.

Атырау облысында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Ақтөбенің оңтүстік-батысында және Маңғыстаудың солтүстігінде – нормадан аз жауын-шашын болады деп болжанады

Елдің көп бөлігінде орташа айлық температура нормадан 1-3°С жоғары болды.

Маңғыстау мен Атыраудың батысында ғана нормаға қарағанда 1°С төмен температура тіркелді.

Маусымда орташа температура республика бойынша нормадан 1-2°С жоғары болды.

Шілдеде көптеген өңірде нормаға сай температура байқалды.

Павлодар, Абай, ШҚО, Жетісу, Атырау және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында нормадан 1-2°С жоғары болған.

Ақтөбе облысының кей бөліктерінде ғана нормаға қарағанда 1°С төмен тіркелді.

Тамызда елдің басым бөлігінде температура норма шамасында, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың кей аймақтарында 1–2,9°С-қа дейін жоғары, солтүстік-батыста – 1-2°С-қа дейін төмен болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!