«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына оңтүстік циклон ықпал етеді. Ол ауа массаларының жылынуын және конвективті үдерістердің дамуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жаңбырлар әкеледі.

«10 шілдеде – оңтүстікте, 11 шілдеде – солтүстік-батыста, 12 шілдеде – елдің солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағайлы құбылыстар мен екпінді жел күтіледі, жекелеген өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Тек елдің шығысында антициклон басым болады, онымен бірге негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Күндізгі уақытта ауа температурасы солтүстікте, шығыста, орталықта 25-32 градусқа дейін, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 32-37 градусқа дейін жылынады», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!