Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт суытып, кей өңірлерде қар жаууы мүмкін. Бұл туралы Skifnews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыстан келген суық фронттың әсерінен жауын-шашын күтіледі. 17 сәуір күні шығыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, күн қатты суытады.
• Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы -1…-6 градус аязға дейін төмендесе, күндіз +1…+8 градус шамасында болады.
• Оңтүстіктің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде жаңбыр мен қар жауады, күндіз жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты нөсер күтіледі.
• Түнгі уақытта -3 градусқа дейін үсік болуы ықтимал.
Ал батыс өңірлерде керісінше, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл аймақта күн жылынып, +17…+28 градусқа дейін жетеді.
Сондай-ақ республика аумағында 15-20 м/с дейін жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі деп болжануда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!