Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы күндері, яғни қазанның 5-7 аралығында 30 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, скандинавиялық антициклонның ықпалымен еліміздің батысында, 5-6 қазанда республиканың солтүстік және шығыс облыстарында ауа райы құрғақ және ашық болады. Күндіз батыста 23-30 градусқа дейін жылы болса, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін күн жылынады. Дегенмен түнде ауа температурасы нөлден төмен мәндерге дейін төмендейді.
7 қазанға қарай солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық фронт пен жаңбырлы бұлттар тарай бастайды, сондықтан жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), желдің күшеюі және күндізгі ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Ал елдің оңтүстігінде және орталығында, атмосфералық фронттардың әсерінен 5-7 қазан аралығында жаңбыр жауады. 6-7 қазанда таулы аймақтарда қатты жаңбыр мен найзағай, жел күшейеді, түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!