фото: iStock

16 облыс пен елдің үш мегаполисі үшін дауылды ескерту жарияланды, ауа райының күрт өзгеруі күтіледі,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Солтүстік аймақтарда қар, жаңбыр және көктайғақ күтіледі. Шығыста – нөсер жаңбыр, бұршақ және 28 м/с дейінгі екпінді жел соғады.

Кейбір облыстарда тұман болуы мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тауға шығудан аулақ болыңыз. Жеке қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. Ресми ақпаратты бақылаңыз. Абай болыңыздар және өздеріңізді қорғаңыздар, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!