Атмосфералық фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр сақталады, батыс және оңтүстік аймақтарда күндіз найзағай күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидромет» РМК ақпаратына сілтеме жасап.

23 қыркүйекте шығыста, 23-24 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың қарға ауысуы ықтимал.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда – тұман болады.
Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температура біртіндеп 20-28 жылыға дейін, шығыс өңірлерде 10-15-тен 15-25 жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!