Фото: Pixabay
KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 27 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Осылайша найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Тек батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, шығысында — түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде — шаңды дауыл соғады.
Әсіресе Қызылорда облысында қатты дауыл тұрады.
Елдің барлық дерлік өңірінде төтенше өрт қаупі бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!