Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысындағы жолдардың бірі көліктің барлық түрі үшін жабылды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда боран мен аязға байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды. 

— «Қытай шекарасы-Майқапшағай-Зайсан айналма жолы-Қалбатау-Семей-Павлодар-Ресей шекарасы» жолының 1177-1256 шақырымы аралығында (Ақжар ауылының бұрылысынан Зайсан қаласына дейінгі жол) көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды. Сондықтан көлік жүргізушілерін бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Құтқарушылар халыққа алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!