Фото: pixabay.com
Елдің көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жаңбыр жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болып, бұршақ түседі.
Солтүстікте, солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.
Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Ел бойынша желдің күшеюі күтіледі, батыста, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!