Фото: pixabay.com

KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 28-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 28-қыркүйекте ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, күн жауын-шашынсыз әрі салқын болады.

ҚР бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте, шығыста, елдің орталығында тұман түсіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктерінде, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, солтүстігінде, Жетісу облысының орталығында 2-3 градус үсік жүреді, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік болады.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Абайоблысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының шығысында жоғары өрт қаупі жоғары сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!