Фото: желі кадрларынан
Түркістан облысының Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында жаз жақындағанда қар жауып, тұрғындарын таң қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Отырар” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктер 26 мамырда Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын мен қара аралас жаңбырдың болатынын болжаған.
Қазгидромет мамандарының айтуынша, мұнда түнде ауа температурасы +3+8 градусқа дейін күрт төмендейді. Облыстың солтүстік және таулы аймақтарында -2 градусқа дейін аяз күтіледі.
Жауын-шашын мен тұман жолдарда көрінуді шектеуі мүмкін. Қатты жел автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруі мүмкін. Түнде төмен температураға байланысты жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!