фото: ашық дереккөзден алынды
Көптеген аймақта ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты
Бірқатар облыстарда тұман түсуі ықтимал, кей жерлерде жел күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын бола қоймайды.
Қалалар бойынша болжам:
- Астана – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел түнде 0-5, күндіз 5-10 м/с. Температура түнде +1…+3, топырақ бетінде үсік –2°С-қа дейін, күндіз +13…+15.
- Алматы – ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан соққан жел 3-8, екпіні 13 м/с. Температура түнде +13…+15, күндіз +21…+23.
- Шымкент – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8-13 м/с. Температура түнде +16…+18, күндіз +28…+30.
- Ақтөбе – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел 1-6, күндіз екпіні 11 м/с. Температура түнде +4…+6, күндіз +17…+19.
- Ақтау – ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +18…+20.
- Атырау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел түнде 4-9, күндіз 7-12 м/с. Температура түнде +10…+12, күндіз +20…+22.
- Жезқазған – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел 7-12, кейде екпіні 15 м/с. Температура түнде +6…+8, күндіз +17…+19.
- Қарағанды – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел түнде 4-9, күндіз 9-14 м/с. Температура түнде +1…+3, күндіз +12…+14.
- Қостанай – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с. Температура түнде +3…+5, топырақ бетінде үсік –1°С, күндіз +15…+17.
- Көкшетау – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел 2-7 м/с. Температура түнде +3…+5, топырақ бетінде үсік –1°С, күндіз +15…+17.
- Қонаев – ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел 9-14, екпіні 18-23 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +22…+24.
- Қызылорда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с. Температура түнде +11…+13, күндіз +24…+26.
- Павлодар – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел 5-10 м/с. Температура түнде +4…+6, күндіз +15…+17.
- Петропавл – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан жел 5-10 м/с. Температура түнде +4…+6, күндіз +17…+19.
- Семей – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 7-12 м/с. Температура түнде +5…+7, күндіз +13…+15.
- Талдықорған – ауыспалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр. Солтүстік-шығыстан жел 5-10, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +5…+7, күндіз +20…+22.
- Тараз – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с. Температура түнде +10…+12, күндіз +26…+28.
- Түркістан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8-13 м/с. Температура түнде +16…+18, күндіз +28…+30.
- Өскемен – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 7-12 м/с. Температура түнде +5…+7, күндіз +13…+15.
- Орал – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел 7-12 м/с. Температура түнде +6…+8, күндіз +20…+22.
Қыркүйек айына болжам:
Синоптиктердің болжамына сәйкес, қыркүйек айы Салехард аймақтарынан келген суық ауа массаларының әсерінен қысқамерзімді суытумен басталады.
Оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен ылғалды қар болуы мүмкін. Елдің басым бөлігінде ауыспалы ауа райы күтіледі: кей жерлерде қатты жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде алғашқы үсік байқалады, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Республиканың оңтүстік-батысында ауа температурасы қатты ыстыққа дейін көтеріледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!