фото: tolqyn.kz
15 қыркүйекте түнде және таңертен Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік жүреді деп болжанды. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ертең Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанды. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
15 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ертең Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жексенбі Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
15 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жексенбі күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, орталығында, шығысында 23 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
15 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Ертең күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жексенбі Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. 15 қыркүйекте түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі деп болжанды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!