Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты құтқару қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде ауа райының нашарлауы күтілуде: боран, жауын-шашын, жел екпіні, тұман және көктайғақ болады.

Ауа райының нашарлауы кезінде келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет: дауыл туралы ескертулерді қадағалау; жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру; алыс қашықтыққа саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту, – делінген ТЖМ хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!