фото: egemen.kz

Осы сағатта Жайық өзенінің су деңгейі 844 болды, ал қауіпті деңгей – 850 см. Осыдан 5 күн бұрын, 22-23 сәуірде бұл көрсеткіш қауіпті деңгейден асып, 864 см болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Жұмылдырылған күштер мен техникалар үш апта бойы атқарған жұмыстар өз нәтижесін берді. Өңірлерден 1000 жуық арнайы техника, 2000 астам сарбаз келген болатын. Орал қаласының өзінде 45 км бөгет салынды, облыс бойынша жалпы 150 км дамбы салынды. Соның арқасында Ақжайық ауданында су тұрақталып жатса, Жайық өзенінің Оралдағы деңгейі күннен-күнге 2-4 см төмендеп келеді, – деді спикер.

Кешенді жұмыстардың нәтижесінде қауіп төнген 84 елді мекеннің бірде-біреуін су басқан жоқ. Тек саяжай учаскелері ғана су астында қалды.

Орал қаласындағы бөгеттер ерекше бақылауға алынған, адамдар судың елді мекендерге өтуін қадағалап жатыр.

Бұған дейін Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылында 25 сантиметрге көтерілгенін жазғанболатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!