Фото: freepik

Қазгидромет Қазақстан аумағы бойынша 11-13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше Иран аумағынан келетін фронтальды бұлттар еліміздің батыс аймақтарына жетіп, жаңбыр, найзағай мен бұршақ болады. Ауа температурасы төмендейді. Солтүстік, орталық аймақтарда өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Максималды температура біртіндеп 22-27 градусқа дейін жоғарылайды.

Сондай-ақ оңтүстік және шығыс аймақтарда тұрақсыз ауа райы болжанды. Бұл өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болады. Алайда термометрлердің бағандары күндіз біртіндеп 20-32 градус көтеріліп, жылиды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!