фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, сәрсенбі күні еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір аймақтарда жауын-шашынсыз болады.

Астана, Алматы, Шымкент: Бұлтты, жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде +8…+13°C, күндіз +20…+25°C.

Ақтау, Қарағанды, Қонаев, Орал: Жаңбыр, найзағай, орташа жел. Күндіз +20…+26°C.

Атырау, Қызылорда, Түркістан: Жауын-шашынсыз. Күндіз +28…+32°C.

Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Көкшетау, Павлодар, Семей: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +23…+26°C.

Петропавл: Жаңбырлы. Күндіз +12…+14°C.

Талдықорған, Тараз: Жаңбыр, найзағай. Күндіз +20…+23°C.

Өскемен: Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +18…+20°C.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!