фото: baq.kz

«Қазгидромет» 23 қарашаға арналған жалпы республикалық ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, жексенбі күні Қазақстанның солтүстігінде, күндіз орталық аймақтарда ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі.

Солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстік пен шығыста көктайғақ болуы мүмкін.

Елдің басқа бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі болжанып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!