фото: baq.kz
«Қазгидромет» 24 қарашаға арналған ел аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, елдің солтүстігі, шығысы және орталық өңірлерінде ауа райы құбылмалы болып қалады — жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі, солтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын күтіледі.
Сондай-ақ солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда жаяу бұрқасын және көктайғақ болжанып отыр.
Қалған өңірлерде күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтіледі.
Республика бойынша тұман сақталады, ал солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерінде желдің күшеюі күтіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!