фото: qazdauiri.kz
Үндеуіме үн қос, есірткіге жол жоқ!
Егемен елдің есті -ұрпағы жас дос!
Біз – жаңа Қазақстанның жасампаз жастары салауатты өмір салтын қолдаймыз!
Жалындаған жастық шаққа кесір болып жабысқан кесел-есірткіні түбегейлі жоямыз!
Бүлінген тағдырлар,жоғалған адамдар, жылаған балалар, өшкен үміттер,заңсыз қылмыстардың сиықсыз себепкері-ғасыр тажалы есірткіге қарсы үндеуіме үн қос! Есірткі арман-мақсатты құрдымға кетіріп өміріңді сұрықсыз етеді.
Нашақорлық-наданның ісі,
Есірткі-індет,есірткі-тажал,есірткі-ғасыр дерті.
Өміріміз нұрланып,
қоғамымыз гүлденуі үшін
жастарымыз жалындап,
денсаулығы мықты болуы үшін есірткіге менімен бірге “Жоқ!” деп айт.
Біз есірткіге қарсы бірге күресеміз!
Әсем-ай ДИЯР,
№43 Ж.Махамбетов атындағы
орта мектебінің
10-шы сынып оқушысы,
Қызылорда қаласы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!