Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мерекесі қарсаңында ұлтымыздың сан ғасырдан келе жатқан бата беру дәстүрін жаңғыртып, кеңінен насихаттап, дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Батаменен ел көгерер»республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.

«Ауыл» партиясыосы дәстүрді жаңғырту, өскелең ұрпақ үшін үлгі көрсету мақсатында «Батамен ел көгерер»сайысын республикалық деңгейде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

 Биыл облыстық кезеңге өңірге қарасты барлық қала мен аудан және ауылдардан 26 қатысушыдан өтінімдер түсті. Соның ішінен қазылар құрамы шешімімен үздіктер анықталып, 3 қатысушы жеңімпазға (100 000 теңге, 70 000 теңге, 50 000 теңге)және 2 арнайы сыйлық иегеріне (20 000 теңгеден)қаржылай сыйлықтар табысталды.

«Батаменен ел көгерер» республикалық байқауы өтті

Шара барысында,«Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мұстафа Садық Шоңмұрынұлысөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады.

Шара соңы сыр өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!