© Photo : пресс-служба Дирекции развития спорта

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Фристайлдан (могул, акробатика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанекінші орыналды, депхабарлады Туризм және спорт министрлігі.

«Жалпыкомандалық есепте могул мен акробатикадан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс жүлде иеленіп, Қытайдан (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) кейін 2-орын алды. Үздік үштікті Жапония (2 алтын, 1 қола) спортшылары түйіндеді», – деп жазылған хабарламада.

Фристайл-могулдан ұлттық құрама барлық жарыс күні жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, әлем біріншілігінің алғашқы күнінде Анастасия Городко жекелей сында 2-орын алса, ертесіне параллель могулда алтыннан алқа тақты. Ал аралас командалық сайыста былтыр IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы күміс жүлдегер атанды.

Юниорский чемпионат мира по фристайлу в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2025

© Photo : пресс-служба Дирекции развития спорта

Фристайл-акробатикадан жекелей сын еліміз үшін тарихи нәтижемен есте қалды. Ерлер арасында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, чемпион атанды. Ол 104.52 ұпаймен екі қытайлық спортшыны (Юч Юнхен, Ян Чжичэн) басып озды. Мұнда әйелдер арасында барлық жүлдені Қытай акробаттары иеленді.

Юниорский чемпионат мира по фристайлу в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2025

Photo : пресс-служба Дирекции развития спорта

Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан-2 командасы (Аделина Өмірзақова, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов) 6-орын алса, Қазақстан-1 (Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Асылхан Асан) 7-сатыға табан тіреді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!