Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың бастамасын қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындады.
2025 жылдың 16 маусымы мен 18 тамызы аралығында өтінімдерді қабылдау T.URPAKTARY25@GMAIL.COM поштасы арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде үміткерлерден 1 391 өтінім («Ғылым» -130, «Мәдениет»-131, «Ақпараттық технологиялар» -218, «Бизнес» – 644, «Медиа»- 145, «Волонтерлік» – 123) келіп түсті. Оның ішінде 186 адамның құжаттары тексеріліп, ұйымдастырушылар тарапынан қабылданды ( тізімді сілтеме бойынша көре аласыз https://www.gov.kz/…/mam/documents/details/856999…).
Өтінімдердің көптігіне байланысты 5 қыркүйек күні таңғы сағат 5:00-ден бастап Gmail-дің өтінімдерді қабылдауға арналған электрондық пошта істен шығып, бұғатталды. 5 қыркүйектен бастап электрондық поштаны қалпына келтіру мақсатында IT мамандармен жұмыс жасалды, сондай-ақ Google компаниясының әкімшілігіне өтініштер жіберілді. Бірақ поштаны қалпына келтіру мүмкін болмады.
Жоғарыда аталған техникалық мәселелері ескере отырып, конкурстық өтінімдер 2025 жылдың 9-19 қыркүйек аралығында, түнгі сағат 24:00-ге дейін T.ZAIAVKA2025@BK.RU электронды поштасы арқылы қабылданады.
Тізімде бар 186 адамның өтінімдері қайта жіберуді қажет етпейді. Грант бөлудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекет тарапынан қолдау. 2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.
Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!