«Qosyl» Қалалық жастар ресурстық орталығы мен Qyz Jibek Group ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығы аясында қала жастары арасында жас аспаздар сайысы өтті.
III кезеңнен тұратын сайысқа 29 аспаз тіркеліп, финалда 8 үміткер бақ сынады. I кезең – тіркелу, түйіндеме жинақтау. II кезең – теориялық сұрақтарға жауап беру, III кезең – ас дайындау.
Қатысушылардың арасында әуесқой және кәсіби аспаздар да бар. Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат – талантты жас аспаздарды анықтап, қолдау көрсету, кәсіби өсу және тәжірибе алмасуға арналған жас аспаздар бірлестігін құру.
Байқауда блогер Рустам Маушев, Qyz Jibek Group бас аспазы Ибрагимов Фаррух, «Motor» және «ДНК арт» бардың бас аспазы Қани Досбол және «Бидай» мейрамханасының бас аспазшысы Бакберген Әлиасқар қазылық етті. Бағалау барысында тағамның сапасымен қатар, тағамды дайындау барысындағы тазалық, ұсыну және безендіру ерекшелігіне мән берілді.
Сайыс жеңімпазы Ази Ақылбек қала әкімінің «Самғау» сыйлығымен марапатталып 150 000 теңге ақшалай ұтысқа ие болды.
Сайысқа демеушілік көрсеткен Ерлан Раимов Qyz Jibek Group жүлделі орындарға ие болған аспаздарға ақшалай сыйлықтар табыстады: I орын – 100 000 тг, II орын – 70 000 тг, III орын – 30 000 тг.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!