фото: gov.kz
Құрметті замандастар, құрметті отандастар!
Мен өмірлік ұстанымымды нақты білдіргім келеді: есірткі – адам өміріне зиянды вирус іспетті яғни қоғамның тамырына балта шабатын үлкен қауіп.
Бүгінде жастар арасында есірткінің таралуы алаңдатарлық деңгейде. Оның арты қайғылы тағдырлармен, үміті өшкен өмірлермен және бөлшектенген отбасылармен аяқталады. Біз мұндай күйреуге жол бере алмаймыз.
Есірткі – адам денсаулығына ғана емес, рухани құндылықтарға да орасан зиянын тигізетін дерт. Ол бір адамның ғана емес, тұтас ұрпақтың келешегін жойып жібереді. Сондықтан, барлығымыз есірткіге қарсы мықты ұстаным көрсетуіміз қажет.
Менің үндеуім:
- Жастарымыз есірткіден бойын аулақ ұстап, денсаулық пен білімге ұмтылуы қажет.
- Қоғам болып бірігіп, зиянды заттарды таратушыларға қарсы күрес жүргізуіміз керек.
- Әр отбасы ұрпағына дұрыс тәрбие беріп, рухани құндылықтарды ұлықтаса, ұлтымыздың болашағы жарқын болмақ.
Біз мықты болсақ, қоғам да, еліміз де мықты болады. Сондықтан, әрқайсыңыздың қолдауыңыз маңызды.
Есірткіге «жоқ» деп айту арқылы біз өз өмірімізді, болашағымызды және Отанымыздың ертеңін сақтап қаламыз!
Ел үмітін ақтайтын, дені сау, саналы ұрпақ болайық!
Нұрислам БАҚТИЯР,
№39«Қызылөзек» орта мектебінің 11 сынып оқушысы,
Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!