Журналистика – мәні терең мамандық

Журналистер жүрекпен жазар хабар,
Ақиқатты іздеп, шындықты айтар.
Сөз бен шындық-олардың болған қаруы,
Шынайылықты ашуға бар күшін салар.

Ақпараттың ағысында жүзеді олар,
Жаңалықты жеткізеді құлаққағар.
Халық үшін ақпартты жар салады,
Қоғамдағы өзгерістерді бағамдар.

Сұхбаттар, зерттеулер олардың- күнделікті ісі,
Журналистер қайсар, сөзге шебер білімді.
Ақпараттың қыр – сырларын жітік, толық меңгерген,
Ақиқатты айту – олардың жүректегі сезімі.

Тілшілердің хабар үшін таңы атып,күні батқан,
Жазады олар шындықты, жасырмайды жалған.
Журналистика – бұл өмірдің болған айнасы,
Ақпараттың ағысында жүзеді олар қалқан.

Журналистер – ақпараттың ағынының елесі,
Журналистер – айқындықтың, шындықтың шығар белесі.
Білім, ғылым, даналықтың ту ғып ұстар байрағын,
Журналист жолы – шынайылық пен әділдіктің кемесі.

Журналистің қаламы шапшаң, ойы ұшқыр, қырағы,
Ақылы мен еңбегі болса бойында, мәңгілік өшпес шырағы.
Журналист үшін ең маңызды әділдік пен шынайылық,
Темір тисе тас қайыспас, берік болар тұрағы.

Еңбектері еш болмайды шынайы шыққан жүректен,
Ақпараттың ағысында жүзеді олар үмітпен.
Ақпаратты алу үшін тау мен тастан қарғыған,
Жаңалықты жеткізеді ойын олар шындықпен.

Тілшілердің қаламы өткір, нысаны нық дәлдікпен,
Жазады олар шындықты дәлелді нық қадаммен.
Жалғандық олар үшін бейне бір сағым, құр елес,
Ақпараттың ағысында жүзеді олар жүрекпен.

Ілім, ғылым, жаңалықтың берік қадап діңгегін,
Ақпараттың майданында сыбанғандай білегін.
Тілшілердің еңбектері шынымен де ғаламат,
Қашанда біздің көз алдымызда жүректен шыққан мұң мен үн.


Отаным оттан ыстық, қымбат маған

Отаным оттан ыстық, қымбат маған,
Нағыз қазақ отанында тұрақтаған.
Талай жылдық тарихы бар бұл даланың,
Қасиетіне таң қаламын таластаған.

Отанымның табиғатына таң қаламын,
Жерің шүйгін, суың көлдей самалың.
Туған жерім сен кереметсің, соншалық,
Көзімді алмай ұзақ тұрып қарадым.

Туған жерім еркін ұшар қыранымсың,
Тыңдағанда тебірентер жыр әнімсің.
Талай жауға берілмей, алдырмаған,
Оқ бойы озып шыққан ұланымсың.

Жауың келсе төндіресің қараспан,
Ал бауырмен тең керегең жарасқан.
Бұл дүниеде сендей мықты табылмас,
Төрткүл дүние саясатта санасқан.

Отаным оттан ыстық, қымбат маған,
Бабалар жолын жалғап, алға басқан.
Талай батыр, хандар шыққан бұл даланың,
Қайтпас, қайсар тұлғаларына жыр ақтарам.

Елдің қамын ойлаушы – ел ағасы,
Қашанда алда тұрар жыр данасы.
Армысың елін сүйген Мұқағали,
Төрден ойып орын алған төрағасы.

Көрдік ақынның отанға деген жақындығын,
Қашанда биік бағалайды ақындығын.
Талай тағдыртартысын бастан кешкен,
Көрдім көзінен от жалндап, қалыпты мұң.

Таң қаламын мақсатты бек сұраты асқақ,
Ілім, ғылым, білімдері сан асқақ.
Бас иесмін, мың тағзым батыр бабаларға,
Тәуелсіздік таңын күткен тынбай аңсап.

Сақтап қалды елдің береке ырыс құтын,
Сақ қырандай күзеті елдің тыныштығы.
Қаншама тер, күш қайраттың арқасында,
Еліміз аман, жұртымыз тыныш бүгін.

Ақтай Нұрбек

№189 орта мектептің 10-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!