Журналистика – мәні терең мамандық

Сан түрлі мамандықтан ерекшесі.
Кешегі мен келешектің діңгекшесі.
Мәні терең мамандық – журналистика,
Ұқтық сізден асыл ой кермешесін.

БАҚ өкілі- журналист ол, қаламгерлер,
Әлеуметке жайын айтар ел менен жер.
Шұғыл, жылдам, іскер де бола білген,
Телеарна, газет, радиода да терін төгер.

Сол жандар туған мынау Сыр елінде,
Қызмет қылған қара сөзбен гүл егуге.
Дүйсенбек, Қайырбек пен Дәуіржандар,
«Сыр бойының» тарихи тізбегінде.

Қаршыға, Гүлжазира, Назерке,… –деп,
Жалғар болсам, қатары да жылжи берер.
Өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан,
Бұл жандарды жастарым үлгі көрер.

«Сыр бойы» газеті де қарттық жаста,
95 жыл тарихы бар, үздік баспа.
Үш рет өз атауын өзгертсе де,
Сапасын жоғалтпаған алтын баспа.

«Ақмешіт апталығы» толды отызға,
Ұя болған қаламгер жас ұл мен қызға.
Журналистика жағалауы кеңейе түссін,
Жаңалықты жеткізер баршамызға.

Жақсы күннің жаршысы болыңыздар,
Ел қамы деп қызметте сап құрыңыздар.
Маржандай боп құралған әрбір сөзге,
Өң бере жарқырап тек тұрыңыздар!

Күрсінбеші, Анашым

Көрем кейде анамның күрсінгенін,
Тыңдап жатам жүректің дүрсілдерін.
Біздер үшін шырылдап жүргеніңде,
Қалыпты-ау, анашым, құр сүлдерің.

Шаршадың ба, анашым тіршіліктен,
Кем болып жүр, байқаймын, бір сынық дем.
Жоқшылықтың шылбырын шеше алмай,
Сол үшін де сен бүгін күрсініп пе ең?!

Күрсінбеші, анашым, тәуекел ет!
Көкейіңде жатыр-ау небір тілек.
Төртеуміздің көзіміз түгел болса,
Төбедегі бар бақыт өзі келед(і).

Кешіп өтіп өмірдің ағымдарын,
Шешу қиын тағдардың тағуларын.
Сондай сәтте көмекке қолын созар,
Әкем бар ғой жаныңда жаңылмағын.

Расул Жеткерген

Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің 9-сынып оқушысы
Жетекшісі: Карибаева Айгерім

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!