Синоптиктер Қазақстанда 11 маусымға жасалған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Күндіз Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Атырау, Абай облысының оңтүстігінде 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 29-31 градус ыстық.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 градус ыстық.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус ыстық.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 градус нөлден жоғары, күндіз 33-35 градус ыстық.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 5-10, екпіні 14 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 33-35 градус ыстық.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус ыстық.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 34-36 градус ыстық.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 градус ыстық.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз 7-12, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 22-24 градус, күндіз 33-35 градус ыстық.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 26-28 градус нөлден жоғары.
Ақтөбеде күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 градус нөлден жоғары.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 29-31 градус ыстық.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады – түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус ыстық.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус жылы.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 29-31 градус ыстық.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус ыстық.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 28-30 градус ыстық.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел соғады – 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус ыстық.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус ыстық.
Таразда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус ыстық.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!