13 маусымда Қазақстанның сегіз өңірінде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Жетісу, Абай облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында күн ыстық болады.
Қалалар бойынша ауа райы болжамы
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз 9-14, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 27-29 ыстық.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады – 7-12, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 30-32 градус ыстық.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 29-31 градус ыстық.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 32-34 градус ыстық.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 32-34 градус ыстық.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 34-36 градус ыстық.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 35-37 градус ыстық.
Оралда көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус ыстық.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 32-34 градус ыстық.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 градус нөлден жоғары.
Ақтөбеде күндіз көшпелі бұлт шығады болып, жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 31-33 градус ыстық.
Қостанайда күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 градус нөлден жоғары.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 градус ыстық.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус ыстық.
Қарағандыда күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады – 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 градус ыстық.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 31-33 градус ыстық.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 32-34 градус ыстық.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус ыстық.
Қызылордада күн ашық. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 35-37 градус ыстық.
Таразда көшпелі бұлт шығады, өткінші қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус ыстық.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!