«Өйткені көбі баламды көп есептесе әскерге алып кетеді деп қоспай отырған», – дейді тарихшы.

Бұл туралы белгілі алаштанушы-ғалым, тарихшы Сұлтанхан Аққұлұлы Сұрауы бар» Youtube арнасының саяси-қуғын сүргін, ашаршылық тақырыптарына қатысты өткізген подкастында айтты. 

«Біз бұл нәубетті жай геноцид қана емес, этоноцид деп қабылдауымыз қажет. Мысалы, Ресей империясында халық санағы 1897 жылы өткен болса, ол есеп те қазақ саны 4 млн 84 мың 134 адам болған. Өзбектер 726 мың 534, қырғыз 201 мың 682, түркімен 281 мың адам болды. 4 млн сонда санаққа ілінгені ғана. Өйткені көбі малды көп есептесе салық көбейеді, баламды көп есептесе әскерге алып кетеді деп қоспай отырған. Дегенмен қазақтар соның  өзінде барлық түрік халықтарын қосқаннан екі жарым есе артық болды. 2018 жылы таза өзбектер саны 24 млн болып, 1897 жылмен салыстырғанда 34,2 есеге өскен. Қырғыздар 4 млн 587 мыңға, яғни 22,7 есеге өсті. Түркімендер 14,2 есеге, қарақалпақтар 17,6 есеге өсті. Ал қазақтар табиғи өсімі ең көп еді, сонда біз қазақтар санын өзбектің өсімімен есептесек 139 млн халық, қырғыздың өсімімен есептесек 92 млн, ал түркіменнің өсімімен есептесек 57 млн адам болар еді. Осының бәрін есептеп қарасақ, қазақтардың кем дегенде 70 пайызы қырылды деуге болады. Адамзат тарихында бір сәтте дәл бұлай қырылған басқа ұлт жоқ. Сол себепті мұны этноцид деп айтуға толық негіз бар», – деді ғалым. 

Бірақ тарихшы Бүркітбай Аяған саяси қуғын-сүргінді геноцид деп танудың өзіне заңды негіз керек екенін айтып отыр. 

«Заңгерлер дәлел сұрайды. Геноцид деп шығару заңгерлердің жұмысы. Тарихшылар тек есептеп, статистиканы береді. Одан соң заңгерлер экспертиза жасайды. Сосын Парламентке ұсынады. Халықаралық ұйымдар айналысады. Сот немесе Парламент шешімі болмаса геноцид деп атауға құқымыз жоқ», – дейді тарихшы. 

halyq-uni.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!