Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Жетісу облысындағы «Өркен» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, мекеме қызметкерлері 2015-2022 жылдары жұмысқа қабылданып, шын мәнінде нақты жұмыс істемеген алты адамға жалақы есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударған.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!