«Қазгидромет» РМК 17 ақпанға Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады, бұрқасын болады. Жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с. Ауа температурасы түнде -9…-11°C, күндіз -3…-5°C.

Алматыда жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C.

Шымкентте күн бұлтты, құрғақ. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +7…+9°C.

Ақтауда жаңбыр жауып, екпінді жел 9-20 м/с. Температура +3…+5°C.

Ақтөбеде қар жауып, жаңбыр жауып, жел 20 м/с-қа дейін жетеді. Температура -4…-6°C.

Атырауда күн бұлтты, жауын-шашын, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз -1…-3°C.

Қостанай мен Петропавлда қар жауып, боран соғып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде -6…-14°C, күндіз -1…-4°C.

ПавлодарСемей қалаларында жауын-шашынсыз, жел 2-10 м/с. Ауа температурасы түнде -14…-19°C, күндіз -3…-8°C.

Қызылорда, Тараз, Түркістан қалаларында күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +4…+8°C.

Өскемен, Талдықорған, Қарағанды ​​қалаларында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -10…-16°C, күндіз -1…-6°C.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!