«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 17 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, тұман түседі. Жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +5…+7°C.

Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, 2-8 м/с жел соғады. Алматыда түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C. Шымкентте түнде +4…+6°C, күндіз +20…+22°C.

Ақтауда күн ашық, шаңды дауыл соғады. Жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с. Түнгі температура +9…+11°C, күндізгі температура +19…+21°C.

Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Жезқазған, Қонаев, Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -4°C-тан +5°C-қа дейін, күндізгі температура +4°C-тан +20°C-қа дейін.

Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар қалаларында жауын-шашын, қар, кей жерлерде көктайғақ, тұман түседі. Жел 9-20 м/с, екпіні 28 м/с. Ауа температурасы түнде -4…+2°C, күндіз +3…+8°C.

Қызылорда, Тараз, Түркістан, Орал қалаларында негізінен жауын-шашынсыз. Оралда жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +3…+6°C, күндіз +14…+24°C.

Өскемен мен Семейде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнгі температура -12…-7°C, күндізгі температура +3…+7°C.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!