Фото: erakaraganda.kz
KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
Шығыс Қазақстан облысы
• KAZ-08 «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолы, 1194-1212-шақырым (Шемонаиха қаласы — РФ шекарасы).
Абай облысы
• «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолы, 910-1002-шақырым (Қалбатау ауылы — Көкпекті ауылы).
Жамбыл облысы
• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238-шақырым (Кенен ауылы — Қайнар ауылы);
• KAZ-06 автожолы, 238-334-шақырым (Қайнар ауылы — Медовый кенті).
Түркістан облысы
• «Алматы — Ташкент — Термез» автожолы, 593-652-шақырым (Жамбыл облысының шекарасы — Машат елді мекені).
Ақтөбе облысы
• KAZ-09 «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолы, 104-337-шақырым (Қандыағаш қаласы — Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы
• «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолы, 621-841-шақырым (Атырау қаласы — Құрманғазы кенті).
Маңғыстау облысы
• «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтіс — Шетпе — Жетібай — Ақтау» автожолы, 338–786 шақырым (Бейнеу ауылы — Ақтау қаласы); • «Ақтау — Құрық» автожолы, 13-72-шақырым (Ақтау қаласы — Құрық ауылы); • «Жетібай — Жаңаөзен — Түрікменстан шекарасы» автожолы, 0-58-шақырым (Жетібай ауылы — Жаңаөзен қаласы).
Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» авто жолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Сонымен бірге «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!