«Қазгидромет» РМК 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда 17 қыркүйек күні ауа райы құбылмалы болады.

Солтүстік Қазақстанда түнде тұман түсіп, кей жерлерде жаңбыр жауады.

Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында да өткінші жауын-шашын күтіледі, күндіз кей өңірлерде найзағай ойнайды. Температура түнде 3-9°, күндіз 14-20° жылы болады.

Оңтүстік және шығыс өңірлерде – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, ШҚО, Абай облыстарында таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Тау бөктерінде жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с жетуі мүмкін.

Ал Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында негізінен ашық, күндіз 20-25° жылы болады.

Батыс аймақтарда – БҚО, Атырау, Маңғыстау өңірлерінде жауын-шашынсыз болады.

Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында да негізінен бұлтты, бірақ құрғақ. Күндізгі температура еліміздің батысы мен оңтүстігінде 20-26 градусқа дейін көтеріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!