Арал ауданы, Жақсықылыш кентіндегі 34 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып ауыл тұрғыны Нұрсұлтан Әбдіразақов келді.

Бүгін Нұрсұлтан 18-ге толып жатыр. «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес ол дауыс беру құқығына ие болды.

Дауыс беру рәсімінің алдында кент әкімі Пазылбек Берсүгіров Нұрсұлтанды салтанатты түрде құттықтады.

Сайлауда дауыс беру құқығына ие болу құрметіне естелік сыйлық табысталды.

«Менің кәмелет жасқа толған күнімнің сайлаумен тұспа-тұс келгені мен үшін өте қуанышты жайт болды. Бүгін мен өз дауысымды бере аламын және еліміздің дамуына үлес қоса аламын», – деді Нұрсұлтан Әбдіразақов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!