Астанада 31 қазан күні 18 жастағы бірінші курс студенті 24-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталмыш оқиға туралы ақпарат «Есіл» ауданының Полиция басқармасына 19.30 шамасында келіп түскен. Тұрғындар белгісіз ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған.
“Тексеріс аясында бұл дерек расталды. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол 24-ші қабаттан секірген 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты”, – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Басқа да дереккөзге сүйенсек, қайтыс болған жігіт Астанадағы IT университетінің бірінші курс студенті. Аталмыш университет «Ұят тақтасына» студенттердің суретін шығарып дауға қалған болатын. Оқиғаның бұл жағдайға қатысы бар-жоғы әлі белгісіз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!